ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін тағы қысқартады

ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін шектеуді келесі жылдың соңына дейін жалғастыруға келісті.

Шара нарықта қара алтын бағасы құлдырамас үшін қолға алынып отыр. Шешімге сай биыл жыл соңына дейін ұйым мемлекеттері мұнай өндіруді тәулігіне 2 миллион баррельге дейін қысқартпақ. Ал ендігі жылдан бастап бұл көрсеткіш 1,4 баррельге азаяды. Яғни 2024-ші жылдың соңына қарай ОПЕК+ елдері күн сайын өндіретін қара алтын көлемін 40,4 миллион баррельге дейін түсірмекші.