Венесуэланың оңтүстігінде шахта құлады

Апат кезінде кем дегенде 12 адам көз жұмған.

Елдегі су тасқыны салдарынан кен орны опырылып түскен. Құтқарушылар 112 адамды аман алып шықты. Шахта Ориноко өңірінде  Боливар штатында орналасқан. Мұнда толассыз жауған нөсер соңы тасқынға ұласып, ондаған үй мен білім ордалары су астында қалып отыр. Құқық қорғаушылар бұрын бұл аймақтың қауіпті екенін бірнеше мәрте ескерткен екен.