Австралияда автобус апатынан 10 адам қаза тапты

Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы Хантер ауданында айналма жолда автобус пандустан шығып кетіп, ірі жол апатына ұшырады.

Тағы 11 жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Полиция оқиға орнында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

Пол Синклер, жедел жәрдем комиссарының көмекшісі:
- Тас жолдың бойында болған апаттан зардап шеккен жолаушыларды ауруханаға жедел жеткіздік. Автобуста бәрі 37 жолаушы болған. Жүргізуші дін аман. Тергеу амалдары аяқталған соң, апаттың шығу себебі ресми айтылады.