Жасанды интеллект зерттеушілердің үрейін туғызды

Жасанды интеллект адамзат үшін қауіпті. Брюссель зерттеушілері, осылай деп дабыл қақты.

Олар Еуропалық Одақтан интеллект тақырыбында халықаралық саммит өткізуді сұрап отыр. Ал Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак, керісінше, жасанды интеллектіні, барынша көбірек пайдалану керек деп санайды.

Жасанды интеллект миллиондаған адамның күнделікті істеп жүрген жұмысын алмастыруға қауқарлы. Сөйтіп, екі қолға бір күрек таппайтындар көбейеді. Сайлау кезінде жалған ақпарат таратып, шатастыруы да ықтимал. Компаниялар жасанды интеллект жүйелеріне көбірек дербестік берсе, олар өмірлік маңызды инфрақұрылымға қол жеткізіп, адамзатты басқаратын болады. PauseAI белсенділері осы себепті Еуроодақтан арнайы саммит өткізуді сұрап отыр.

Йуп Мейндертсма, PauseAI негізін қалаушы:

- Саммит жасанды интеллект қауіпті жүйелерін дамытудың алдын алу үшін қажет. Біз жай ғана сыпайы түрде компаниядан жасанды интеллект дамуын тоқтатуды сұрай алмаймыз, өйткені олар күшті бәсекелестік қысымға ұшырайды. Сондықтан біз мұны халықаралық деңгейде шешуіміз керек.

Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак тиісті сақтық шараларынсыз жасанды интеллектті дамыту «экзистенциалды» қауіп төндіретінін ескертті. Сондай-ақ ол технологиялық хаб мәртебесін иелену үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін толық пайдалану қажеттігін айтты. 

Риши Сунак, Ұлыбритания премьер-министрі:

- Жыл соңында Ұлыбританияда жаһандық жасанды интеллект қауіпсіздігі бойынша алғашқы саммит өтеді. Бізге өзге ұлттар мен зертханалар арасында жаһандық ынтымақтастық қажет. Ұлыбритания зияткерлік орталық қана емес, сонымен қатар жаһандық технология ошағына айналғанын қалаймын.

Бір қызығы, 100-ге жуық зерттеуші мен технологиялық компания басшылары «жасанды интеллект адамзатты құртуы мүмкін» деген ашық хатқа қол қойған. Ал ChatGPT-ді ойлап тапқан OpenAI бас директоры Сэм Альтман Риши Сунак сынды белгілі тұлғаларға интелектінің басқару тетігі берілмеу керек деген пікірде.     

Авторы: Сымбат Ғалымжанқызы.