Канадада әскери тікұшақ апатқа ұшырады

Канаданың Әскери-әуе күштерінің тікұшағы Оттава өзеніне құлап, 2 сарбаз ажал құшты.

Тағы 2 жауынгер жарақат алған. Қазір олар ауруханада. Апат Петавава қаласының маңындағы әскери базаға жақын жерде болған. 2020 жылы канадалық тағы бір тікұшақ Грекияның тұсында Жерорта теңізіне құлап, 6 адам мерт болған болатын.