Бразилияда 10 мыңға жуық акула заңсыз ауланған

Бразилия билігі заңсыз ауланып, өлтірілген 28 тонна 700 келі акуланың үстінен түсті.

Қас-көйлер балықтың жүзбе-қанатын, Азияға жібергелі жатқан. Осы іспен астыртын айналысқан әзірге 2 компанияның өкілдері, тергеуге алынды. Билік олардың қатары артуы мүмкін дейді. Күдіктілер 10 мыңға жуық акула аулаған.

Джайр Шмит, қоршаған ортаны қорғау мекемесінің директоры:

- Осынша көлемде заңсыз түрде акула аулаға қылмыстық іс тарихта бұрын-соңды тіркеліп көрмеген. Қаскүнемдер олардың жүзбеқанатына қызыққан. Бұдан басқа, көптеген теңіз құстары да қолдан қырылған. Осылайша қоршаған ортаға үлкен зақым келтірілген.