Пәкістанда су тасқынынан 20 млн адам көмекке зәру

Пәкістан халқы былтырғы жылғы су тасқынынан, әлі зардап шегіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апатынан 20 миллион адам гуманитарлық көмекке зәру. Олардың 9 миллионы – бала. 800 таза су жүйесі істен шыққан. Бірнеше провинцияның ауыл шаруашылығына орасан зор шығын келді. Миллиондаған гектар егістік алқап су астында қалды. Апат болған аудандарда мыңдаған адам әлі үйлеріне орала алмай, шатырларды паналауға мәжбүр.

Махмуд Наваз Шах, Sindh Abadgar Board ұйымының басшысы :

- Климаттың өзгеруінен 90% жағдайда ауыл шаруашылығы зардап шегеді. Табиғат апатынан бүлінген аудандардың қалпына келуі үшін көп ай кетеді. Тасыған су бірден қайтып кетпейді.  

Хаким Әли Шар, Хайрпур қаласының тұрғыны:

- Қазір ауызсуды алыстан тасимыз. Жұмыста болғанда балаларымыз алып келеді. Мұндай жағдайда олар қалай оқи алады?!