АҚШ пен Үндістан арасындағы әскери ынтымақтастық нығаяды

Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің Вашингтонға сапары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қос елдің басшылары экономика, қорғаныс және ғарыш зерттеулері салаларына қатысты бірқатар келісімге қол қойып, әскери ынтымақтастығын нығайтуға келісті. Қытайдың әскери әлеуетінің күшеюіне алаңдаған Ақ үй әкімшілігі Үндістанды өз одақтасы ретінде қарастырып отыр.

Айта кету керек, 60-шы жылдардың басында Үндістан Гималайдағы даулы жер үшін Қытаймен соғысқан болатын. Ал 2020 жылы шекарада қайта қақтығыс болып, 24 адам қаза тапқан.