АҚШ-та жүк пойызы өзенге құлады

АҚШ-тың Монтана штатында жүк пойызы өзенге құлап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ыстық асфальт пен күкірт тиеген пойыздың салмағынан көпір опырылып, 8 вагон суға кеткен. Өзенге төгілген мұнай өнімдерінен қауіп жоқ, - дейді жергілікті билік. Бірақ экологтар бұған сенбей, шұғыл шараларды қолға алу керек екенін алға тартты.