Анкарада Астана күні атап өтілді

Анкарада Астана күні аталып өтті.

Елорданың 25 жылдық мерейтойына арналған шараға түріктің белді саясаткерлері, қазақ диаспорасының және БАҚ өкілдері қатысты. Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен өткен шара барысында қара домбыраның күйі күмбірлеп, қазақтың халық әндері орындалды. Сондай- ақ еліміздің сыртқы саясатын насихаттаған журналистер мен екі ел қатынастарының нығайтуына аянбай еңбек етіп жүрген дипломаттар марапатталды. Бұдан бөлек Астана күніне орай фотокөрме өтіп, елордамыздың тарихына шолу жасалды. 

Толга Метин, тұрғын:

- Астана біз үшін де маңызды шаһар. Анкарамыздың бауырлас қаласы. Бірнеше жыл сонда еңбектендім. Күн санап, көз алдымда өзгергеніне куә болдым. Сәулеті мен географиялық орналасуы айырықша бір қала. Қарыштап дамып, әлем бейбітшілігі мен тұрақтылығына үлес қосуына тілектеспін.