Ұлыбританияда мектепте шабуыл жасалды

Ұлыбританияның Уимбилдон қаласында орта мектепке шабуыл жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Автокөлік жүргізушісі қыз балалар оқитын мектепке барып соғылған. Салдарынан 9 адам ауыр жарақат алды, оның жетеуі –мектеп оқушысы. Көлік жүргізушісінің неліктен бұл әрекетке барғаны түсініксіз. Тергеу амалдары мұны зерттеп жатыр.

Ал мектеп 4 пен 11 жас аралығындағы оқушыларға арналған, Англияның әйгілі лаун-теннис және крокет клубынан аяқ аттам жерде орналасқан.

Айта кетерлігі, қазір қалада Уимблдонның Үлкен Дулыға чемпионаты өтіп жатыр.