Өзбекстанда президенттік сайлауға дайындық қызу жүріп жатыр

Өзбекстанда осы жексенбіде президенттік сайлау өтеді.

Саяси додаға 4 кандидат түсіп отыр. Бірі қазіргі мемлекет басшысы, енді бірі заңгер мен эколог және ағартушы ғалым. Халықтың тең жартысынан көбі дауыс берген азамат жеңіске жетеді. Ел бойынша 10 мың 800-ге жуық сайлау учаскесі дайын. Түрлі мемлекеттен байқаушылар да барған. Қазақстаннан халықаралық ұйымдардың өкілі ретінде 25 делегат тіркелді.

Айта кетейік, Шавкат Мирзиёев саяси мансабында үшінші рет додаға түсіп отыр. Өз бағдарламасында мектептегі орындар санын 2 жарым млнға арттырып, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімді 4 мың долларға жеткізуді уәде етті. Ал бұрынғы білім министрі Ұлықбек Иноятов президент атанса, мектеп пен балабақшаларды дамыту үшін кәсіпкерлерден 1 пайыз салық жинамақ. Экология партиясы атынан сынға түскен Әбдішүкір Хамзаев болса, елде темекі шегуге тыйым салып, іштен жанатын қозғалтқышы бар көлік импортын шектеуге ниетті. Ал тізімдегі жалғыз әйел кандидат судьяларды көбейтіп, адвокаттар құқығын кеңейтуге бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Бұл сайлауға Қазақстаннан 25 өкіл қатысады. Менен басқа Орталық сайлау комиссиясының өкілі бар. Өңірлердің төрағалары, мүшелері, Парламент пен Сенаттың депутаттары қатысып отыр. 25 адам халықаралық ұйымдардың атынан қатыспақшы.