Пәкістанда лай көшкінінен 8 бала қаза тапты

Пәкістанның солтүстігінде толассыз жауыннан лай көшкіні жүріп, 8 бала қаза тапты.

Құтқарушылар батпақ астынан тағы бір жасөспірімді шала-жансар күйде алып шықты. Табиғи апат Шангла округінде жеткіншектер крикет ойнап жатқан кезде болды. Жауыннан алаң жанындағы жота опырылып, төмен құлаған. Ойын кезінде 15 бала болған.