Барселонада ауа температурасы күрт көтерілді

Барселонада ыстықтан сая іздеген тұрғындарға арнайы орындар ашылып жатыр.

Жергілікті әкімшілік 200-ден астам кітапхананы, мектеп және қоғамдық мекемелерді салқындатып, мұқтаж жандарға көмек көрсетуде. Арнайы климаттық орындарда 26 градустан төмен температура сақталады. Тіпті бассейндер де қарастырылған. Былтыр мұндай орындарға 120 мың адам жайғастырылды. Мамандар биыл олардың санын ұлғайтуды көздеп отыр. Қазір елдің оңтүстік аймақтарында сынап бағанасы 44 градусқа дейін көтерілді.