Астанада «Индонезиялық жазғы фестиваль» басталды

Индонезияның дәстүрлі саз аспабының сүйемелдеуімен орындалатын ән мен биі.

Индонезиялық тағамдарды даярлаудың шеберлік дәрісі. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы табиғаты тұмса осынау елдің өнері мен кино туындыларын тамашалағыңыз келсе, Астанада басталған жазғы фестивальді көріңіз. Үш күнге жалғасатын шара аясында келушілер үшін түрлі көрме, флешмоб ұйымдастырылады. Еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш екі елдің мәдени-гуманитарлық байланысы осындай іс-шаралар арқылы нығайатынын айтты. 2 маусымда екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдық мерейтойы аталып өтті. Фестивальдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Индонезия Елшісі екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Үкіметіне және қала басшылығына ризашылығын жеткізді.

Мохамад Фаджрул Рахман, Индонезияның Қазақстандағы Елшісі: