БҰҰ жасанды интеллект мәселесін талқылайды

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі алғаш рет жасанды интеллектпен байланысты мәселелерге арналған отырыс өткізуді жоспарлап отыр.

Жиында одан төнген қауіп-қатерлер талқыланбақ. Мәселені қарауды Ұлыбритания ұсынды. Лондон жасанды интеллект бақыланбаса, жаһандық экономика мен халықаралық қауіпсіздікке кері әсері болуы мүмкін деп пайымдайды. Әсіресе ядролық қаруға байланысты алаңдаушылық басым. Әлемде жасанды интеллект былтырдан бастап қарыштап дами бастады. БҰҰ Бас хатшысы оны қадағалайтын арнайы орган құруды ұсынып отыр.