АҚШ-та жүк пойызы апатқа ұшырады

АҚШ-та жүк пойызы апатқа ұшырады

Пенсильвания штатында жүк пойызы апатқа ұшырады.

12 вагон шойын жолдан шығып кетті. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.  Жергілікті билік жақын маңдағы мекендерге де қауіп жоқ екенін мәлімдеп отыр. Биыл АҚШ-та теміржол апаты жиілеп кетті. Ең ірі апат Огайо штатында болды. Мұнда химикаттар тиелген ондаған вагон рельстен шығып кетіп, қауіпті заттар төңірекке төгілген.