Испанияда аптап ыстықтың басылатын түрі жоқ

Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 44 градусқа жеткен.

Қазір ел аумағы бойынша барлық жерде қауіп деңгейі қызыл түсті көрсетіп тұр. Мадрид сияқты ірі қалаларда сынап бағанасы 40 градустан төмен түспеді. Ашық аспан астында қызмет ететіндерге жұмыс уақыты қысқартылған. Шаһар тұрғындары мен туристер күннің ыстығына шыдай алмай көлеңке іздеп әлек.  Билік  бірнеше өңірде орман өрті болу қаупі бар деп ескертті. Мамандар елдегі аптап ыстық келесі аптаға дейін жалғасады дейді.

Римде де сынап бағаналары рекордтық 40 градусты көрсетіп тұр. Елдің Сардиния аралында ауа температурасы 48 градусқа жеткен. Тұрғындарға алыс жолға шықпауға, сыртта көп жүрмеуге кеңес берілді. Денсаулық сақтау министрлігі егде жастағы адамдарға бақылауды күшейтіп, медициналық көмек қызметін кеңейтіп отыр. Ауруханаларда шұғыл жәрдем беретін қосымша бөлімдер ашылды. Ал Сицилияда орман өрті қаупі бар. Қаланың әуежай қызметі уақытша тоқтады. Қазір Италияның ауыл шаруашылығы құрғақшылыққа тап болды. Жеміс-жидектер мен көкөністер қурап жатыр.