Ұлыбританияда Диананың киімі аукционға шығарылды

Ұлыбританияның бұрынғы ханшайымы Диананың жемпірі аукционға саудаға қойылмақ.

Сатылым Нью-Йоркте қыркүйек айында өтуі тиіс. Қызыл ала түсті ерекше жемпірдің бағасы 90 мың долларға бағаланды. Диана оны алғаш рет 1981 жылы бір спорттық шараға киген екен.

“СОтбис” аукцион үйінің басшысының айтуынша, бұл киім ханшайымның сәнге деген талғамы ерекше екенін көрсетеді. Мамандар бұған дейін осы аукционда Диананың көйлегі рекордтық бағаға өткен дейді. Оның құны 605 мың доллар болған екен.