Ұлыбританияда дәстүрлі аққуларды түгендеу шарасы басталды

Ол биыл алғаш рет король ІІІ Чарльздің атымен өтіп жатыр.

Елдегі құстың бұл түрі түгел патшаның меншігі саналады.

Ежелгі дәстүр ХІІ ғасырдан бастау алады. Ол уақытта аққу еті, ақсүйектердің сүйікті тағамдарының бірі болған. Қазір аққулар еті асқа қолданылмаса да, салттарын мықты сақтайтын британдықтар бұл шараны әлі күнге дейін өткізіп келеді. Жергілікті билік оны табиғатты сақтау мен ағарту ісіне бағыттап отыр. Қызылға киінген санақшылар қайықтарға мініп, 5 күн бойы Темза өзенімен жүзеді. Жолында кездескен аққулардың барлығын судан шығарып, салмағын өлшейді.

Дэвид Барбер, санақшы:

- Биыл аққулар әдеттегіден аз. Көбісі қыс пен көктемде болған құс тұмауынан қырылды. Сондай-ақ су тасып, көптеген ұяны шайып кеткен.