Франциялық фридайвер мұхитқа сүңгуден жаңа рекорд орнатты

Франциялық атақты фридайвер Арно Жеральд Багам аралдарында жаңа әлемдік рекорд жасады.

Ол ешқандай құралсыз мұхиттың түбіне 122 метрге дейін түскен. Арно 4 минуттай тыныстамай жүзді.

Бұл – 27 жастағы спортшының 8-ші рекорды. Былтыр ол 120 метрге дейін сүңгіген. Мұхит түбіне түсу жыл сайын ұйымдастырылады. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 40 спортшы жиналады.