Грекияда күн шыжып тұр

Ел астанасы - Афина қаласында ауа температурасы 40 градустан асты.

Осыған байланысты Акрополь секілді көптеген тарихи ескерткіштер сағат түскі он екіден кешкі сағат бес жарымға дейін жұмыс істемейтін болды. Метереологтар демалыс күндері ауа 45 градусқа дейін ыситынын ескертті. Билік өкілдері жұртқа үйден шықпауға және мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеуге нұсқау берді. Соңғы аптада аптап кесірінен ормандар өртеніп, тілсіз жау бірнеше елді мекенді жалмап кетті.