Қытайдың Цицикар қаласында мектеп спортзалының төбесі опырылып түсті

Қытайдың Цицикар қаласында мектептегі спортзалдың төбесі опырылып құлап, 10 адам қаза тапты.

Тағы 3 кісі құтқарылды. Оқиға орнында іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше жағдай кезінде ғимарат ішінде 15 адам болған көрінеді. Апаттың себептері белгісіз.