Ауғанстанда су тасқынынан 31 адам қаза тапты

Ал Ауғанстанда жаңбыр мен су тасқынынан соңғы үш күнде 31 адам қаза болып, 71 тұрғын жарақат алды.

Тағы 40-тан аса адам жоғалып кеткен. Табиғат апатынан ең көп жапа шеккен Вардак провинциясының тұрғындары. Жергілікті билік өңірдің инфрақұрылымы мен ауыл шаруашылығына зор шығын келгенін айтады.