Еуропаның бірқатар елінде алапат дауыл соқты

Еуропаның бірқатар елінде алапат дауыл соқты

Германияда жауын-шашын көбейді.

Екпінді жел Берлинде ағаштар мен бағдаршамдарды құлатып, жолдағы көлік қозғалысы тежелді. Мейрамханалар мен дүкендер жұмысын тоқтатуға  мәжбүр  болған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, табиғаттың тосын мінезі  тіпті теміржол қатынасына да кедергі келтірген.

Италияның  солтүстігінде де дүлей дауыл тұрды. Қазір Монца өңірі мен Милан  қаласында қауіп деңгейі қызғылт сарыға көтерілді. Тұрғындарға алыс жолға шықпау керектігі ескертілді. Бұл елде  жаз басталғалы күн райы құбылып тұр. Солтүстік аймақтарда дүлей дауыл соқса, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы күрт көтеріліп, аптап ыстықтан орман өртінің қаупі күшейді.