Нью-Йоркте кран құлап, 2 адам жарақат алды

Нью-Йоркте биік зәулім үйді тұрғызуға қолданылып жатқан кранның бір бөлігі өртеніп, құлады.

Салдарынан 2 адам жарақат алды. Төтенше оқиға шаһардың танымал Манхэттен ауданында болды. Өрт шалған кран қарсы тұрған үйге құлап, бір шетін бүлдірген. Апаттың себептері анықталып жатыр.