Филиппинде қайық апатынан көз жұмғандар саны артты

Филиппинде қайық апатынан қаза тапқандар саны 27-ге жетті.

Бейсенбі күні Манила қаласы маңындағы көлде қайық аударылған еді. Жағалау күзеті келтірген мәлімет бойынша, қатты желден шошыған жолаушылар үрейге беріліп, борттың бір жағына жиналып қалған. Сол кезде тепе-теңдік бұзылып, су көлігі аударылып қалған. Әзірге нақты қанша жолаушы болғаны белгісіз. Құтқарушылар 40 адамды судан алып шыққан. Қазіргі кезде іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр.