Пәкістанда жарылыстан 40 адам көз жұмды

Пәкістанның Баджаур қаласында жарылыстан 40 адам қаза тапты.

Тағы 130-дан астам тұрғын жарақат алған. Саяси партияның ереуілі кезінде жанкешті өзін жарып жіберген. Әзірге лаңкестік әрекетті нақты қай топтың және не үшін жасаған белгісіз. Жаралыларды провинция орталығы Пешевар қаласындағы ауруханаға жеткізу үшін тікұшақтар тартылды.