Рекорд: Аризона штатында 43°C ыстық 1 айға созылды

АҚШ-тың Аризона штатында 43 градус ыстық тұп-тура 1 айға созылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шілдеде тіркелген тарихи рекорд қала тұрғындарын қажытып жіберген. Кеше көптен күткен жауын жауып, ыстықтың беті қайтты. Метеорологтардың хабарлауынша, ауа температурасы апта бойы 40 градустан төмен болады. Алайда демалыс күндері күннің көзі қайта қызады. Аризона штатында мұндай ыстық соңғы рет 1974 жылы тіркелген.