Бейжіңде тасқын құрбандарының саны артты

Бейжіңдегі алапат тасқыннан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті.

Тағы 27 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Билік теміржол вокзалдары мен бірнеше тас жолды жабу туралы шешім қабылдады. Осы сәтке дейін 50 мың кісі қауіпсіз жерге көшірілген. Су ондаған мың үйді шайып, Бейжіңнің батыс бөлігіндегі жолдарды өзенге айналдырды. Бұл жауын-шашынға «Доксури» тайфуны себеп болған.