Измир қаласында Швеция консулдығына шабуыл жасалды

Түркияның батысындағы Измир қаласында Швеция консулдығына шабуыл жасалды.

Дипломатиялық миссияда жұмыс істейтін жергілікті азаматқа оқ атылған. Әйел адам ауыр жараланған. Тапаншамен оқ жаудырған Түркия азаматы қамауға алынды. Алдын ала ақпарат бойынша, шабуылдаушы виза ала алмаған. Сондай-ақ оның ақыл-есі дұрыс емес деген де ақпарат бар. Тергеу ісі жүріп жатыр.