Суданда 20 млн тұрғынға аштық қаупі төніп тұр

Суданның 20 милионнан астам тұрғынына азық-түлік жетіспей отыр.

Бұл - ел халқының 40 проценті. БҰҰ-ның сарапшылары жуырда жариялаған баяндамасында осындай мәлімет келтірді. Ұзаққа созылған қуаңшылықтың салдарынан егін шықпай қалды. Қарулы қақтығыстар жағдайды одан әрі ушықтырып жіберді. 4 миллиондай адам үйлерін тастап, елдің өзге аймақтарына көшсе, тағы бір миллионы көрші мемлекеттерге қашқан. Биыл БҰҰ-ның Азық-түлік бағдарламасы Суданның бір жарым миллион тұрғынын қайырымдылық көмекпен қамтамасыз етті. Және жыл соңына дейін 6 миллион адамға қолдау көрсетпек.