Словенияда су тасқынынан 16 мың адам жарықсыз қалды

Словенияның солтүстігі мен батысында су тасқынынан 2 адам қаза болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Толассыз жауыннан елді мекендерді су басып, бірқатар ауданнан тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Камник қаласында төтенше жағдай жарияланды. Елдің солтүстігіндегі барлық тас жолдар жабылып, кей бағыттағы пойыз жүрісі тоқтатылды. Табиғат апатынан кей жерлерде электр желісі бүлініп, 16 мың тұрғын жарықсыз қалған.

 

Жаңбыр жауып, дауыл соқты

АҚШ-тың Алабама штатында да жаңбырдан кейін дауыл соғып су тасқыны басталды. Ұйытқып соққан желден кейін ағаштар мен электр бағаналары құлап, кей мекендер электр энергиясынан ажырап қалған. Жергілікті метереологиялық қызмет алдағы күндері де штатта жауын жауады деп хабарлайды.