Бейжіңде халықаралық конференция басталды

Бейжіңде халықаралық Қытай-Бейжің аудиовизуалдық конференциясы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Интеллектуалдық хабар тарату, аудиовизуалдық құралдардың келешегі» деп аталған іс-шараға әлемннің түкпір-түкпірінен 200-ден аса ірі бірлестік қатысып жатыр. Олардың арасында «Хабар» агенттігінің делегациясы бар. 4 күндік басқосу аудиовизуалдық контент, технология, қауіпсіздік, инвестиция сияқты мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасуды мақсат етеді. Түрлі тақырыптық көрмелер өткізу жоспарланған.

Жалпы жиынға осы дыбыстық-бейнелік сала бірлестіктерімен бірге БАҚ, ғылыми институттар, мемлекеттік органдардың мыңдаған өкілі қатысып жатыр. Басқосуда саланы дамытуға ден қойылмақ.

Хуршед Ульмасов, конференцияға қатысушы (Тәжікстан):

- Жаһандану процессі мен Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» жобасын ескерсек, қазіргі ұйымдастырылып отырған конфернция өте маңызды. Жиын аймақта осы саланы бірлесіп дамытуға септігін тигізеді. Себебі басқосу түрлі мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Қытай елі осы салада көп жетістікке жеткен. Сондықтан бұл Орталық Азия елдері үшін өте тиімді болмақ.