Италияда 195 мигрант құтқарылды

Оупен Армс үкіметтік емес ұйым Жерорта теңізінде 195 мигрантты құтқарып, Италияның Бриндизи айлағына жеткізді.

Оған жету үшін толқып тұрған теңізде екі күн бойы жүрді. Италия үкіметі құтқарушы кемелерге босқындарды алыстағы айлақтарға жеткізуді бұйырған. Бұл Лампедуза мен Сицилия аралдарына түсетін қысымды азайту үшін қолға алынған шара. Алайда үкіметтік емес ұйымдар бұл олардың шығынын көбейтті дейді. Сондай-ақ, кеме апаттары жиілеп кеткенде, теңізде кезекшілік ететін уақыты да қысқарды. Биыл Италияға 92 мың босқын келген. Салыстырып көрсек, 2022 жылдың осы мерзімінде 42600 мигрант келген болатын.