Түркияда жолақы қымбаттады

Ыстамбұлда қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттады.

Бұдан былай автобус пен трамвайдағы жол жүру құны 50 пайызға, ал такси бағасы 75 процентке жоғары болады. Қала билігінің айтуынша, тарифтің көтерілуіне ең алдымен жанар-жағармай бағасының қымбаттауы әсер еткен. Айта кетейін, Түркияда бағаның күрт өсуі бірнеше жылдан бері байқалып келеді. Ұлттық валюта құлдырап, инфляция рекордты деңгейге жетті. Шілденің өзінде ол 48 пайызды құрады.