Ресей Айға ғарыш станциясын ұшырды

Ресей араға 50 жыл салып, Айға ғарыш кемесін ұшырды.

Аппарат Қиыр Шығыстағы "Восточный" айлағынан аттандырылды. "Луна-25" автоматты станциясы Жер серігіне тамыздың 23-і күні жетуі керек. Миссияның мақсаты - Айда зерттеу жүргізу. Сондай-ақ аспан денесіне алдағы уақытта ұшырылатын аппараттардың қонатын орнын дайындау. Сапар 5 кезеңнен тұрады. Соның ең маңыздысы соңғы Луна-25 ғарыш кемесін Айдың Оңтүстік полюсіне қондыру болмақ.