Кореяда скауттардың дүниежүзілік жиыны аяқталды

Оңтүстік Кореяда скауттардың дүниежүзілік жиыны аяқталды.

Оған 150-ге жуық елдің мектеп оқушылары қатысты. Қазақстан атынан да делегация болды.

40 градус ыстық, жоғары ылғалдылық, маса мен коронавирус жұқтыру қаупі. Скауттар  осы және басқа да қиындықтарға тап болды. Сынаққа төзе алмаған  Ұлыбритания, АҚШ және Сингапур қатысушылары фестивальден бас тартты. Басқа 150 жуық елден келген оқушылар соңына дейін шыдады. Өйткені, скаут тек 14 пен 18 жас аралығындағы жастар бола алады, ал әлемдік жиын 4 жылда бір рет өтеді. Сондықтан оған қатысу мүмкіндігі бір рет қана беріледі.  

Владислав Цой, тілші:

- Джамбори фестивалі ашық аспан астында, үлкен алаңда өтіп жатыр. Сонымен катар мұнда осындай күннен қорғайтын тонельдер салынып, 240 салқындатқышы бар автобус кезекшілікте болды. Осылайша фестиваль қонақтарына барынша ыңғайлы жағдай жасалды. 

Шринат Тирумале, Дүниежүзілік скауттар бюросы еуразиялық қолдау орталығының директоры:

- 2015 жылы Жапониядағы скауттар жиыны кезінде ауа қазіргіден де ыстық болды. Әрине, қателермен жұмыс істеу керек. Дегенмен, Корея үкіметі үлкен қолдау көрсетті. Бұл пандемиядан кейінгі алғашқы жиын. Мұнда көптеген жаңа технологиялар қолданылды. Алғаш рет әуе шоуы, Kей-поп концерті өтті, балаларға 20 мың балмұздақ берілді. 

Қазақстандық құрамасы үшін жиын сәтті өтті. Ешкім медициналық көмек сұраған жоқ. Скауттар Кореядағы Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстановпен кездесті. Ал барлық қиындықтарға төтеп беруге көшпелілердің ұрпақтарына ұлттық тағам көмектесті, дейді олар.

Ильдар Катенов, Қазақстан скауттар қозғалысы ұйымының президенті:

- Әрине біз жая, шұжық алдық. Құрт барлығына ұнап жүр. Жент, кәмпиттеріміз бар. Бауырсақ жасаймыз. 

Лагерьде қазақстандықтар Беларусь құрамасымен қатар тұрған. Күндіз балалар экскурсияға барып, суға түсті, қайықпен жүрді. Түнде скауттар бір-біріне қонаққа келіп, ән айтып, би биледі. Оқушылар бір-бірімен ағылшынша сөйлесті. 

Алина Айдар, оқушы:

- Алған әсерлерім керемет, эмоцияға толы. Өзге елдерден келген көптеген адамдарды көрдім. Ең кереметі маған адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы қатты ұнайды. Яғни, бұл скауттар қауымдастығы. Барлығы өте мейірімді, барлығынан көмек сұрауға болады. Барлығына жақындауға, танысуға, көмек сұрауға болады.

Әлихан Айтбай, оқушы:

- Ең бастысы, ол мен көптеген адамдармен таныстым. Біздің қазақ мәдениетімізді көрсеттік. Мына жерде біздің инструментіміз домбыра жатқан, сол домбыра инструментін ойнадым. Негізінен скаутта бірінші рет болғандықтан осы палатка құрастыру яғни осындай мен үшін бірінші рет экстремалды жерде өмір сүру маған бірінші тәжірибе болған.  

 Скауттар қалашығы Кореяның оңтүстігіндегі Семангым жерінде орналасқан. Бұл аймақта жиын аяқталуына 3 күн қалғанда Канун Тайфуны өтуі тиіс болғандықтан, мектеп оқушыларын Сеулге эвакуациялауға тура келді. Оларға экскурсиялар ұйымдастырылды. Ал жиын корей поп-музыка жұлдыздарының концертімен аяқталды. Келесі Дүниежүзілік скаут фестивалі 2027 жылы Польшаның Гданьск қаласында өтеді. Ал оған дейін кейбір елдің скауттары 2024 жылы Қазақстанға келеді. Қыста Бурабайда фестиваль өткізу жоспарланған.

Владислав Цой, Ольга Лян