Үндістандағы лай көшкіні: ондаған адам опат болды

Үндістанның Химачал-Прадеш штатында толассыз жауған нөсерден лай көшкіні мен сел жүріп, 21 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 2.

Көп адам жиналған ғибадатхананы лай басып қалған. Үйінділер астында әлі де 20-25 адам қалуы мүмкін. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті билік өкілдері жұртты жолға шықпауға шақырады.

Жалпы муссон маусымы басталғалы Химачал-Прадеш штатында 260-тан аса адам опат болған.