Үндістанда лай көшкінінен қаза тапқан адам саны 50-ден асты

Үндістанның Химачал-Прадеш штатында лай көшкінінен опат болғандар саны 50-ден асты.

Жергілікті билік іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Лай көшкіні бірнеше күн тоқтамай жауған нөсерден кейін басталды. Жергілікті өзен арнасынан шығып кетті. Қатты жауын-шашын мен мұздықтардың еруі соңғы 2 жылда Үндістан мен көршілес Пәкістан жұртын әбден әбігерге салды. Климаттың өзгеруінен су тасқыны мен лай көшкіні қаупі жиіледі.