Дағыстанда жарылыстың неден шыққаны тергеліп жатыр

Дағыстандағы жанармай құю станциясында болған жарылыстан кейін тағы 8 адамның мәйіті табылды.

Қаза тапқандар саны осылайша 35-ке жетті. Оның ішінде үшеуі бала. Күйік шалған 102 адам ауруханада жатыр. Дағыстан басшысы Сергей Меликов 15 тамызды елде аза тұту күні деп жариялады. Марқұмдардың отбасысына миллион рубльден төленетіні айтылды. Өрт сөндірушілер үйіндіні әлі аршып жатыр.Түндегі жарылыс кезінде жанған отын 50 метр радиусқа жайылған. Қазір қылмыстық іс қозғалған. Жанармай құю бекетінің иесі ұсталып, тергеліп жатыр.