Пәкістанда жүздеген адам шеруге шықты

Электр энергия мен бензин бағасының күрт өсуі жұрттың наразылығын тудырды.

Жалпы осы айда жанармай бағасы екі рет қымбаттады. Қаржы министрлігі өкілінің мәлімдеуінше, бұл Халықаралық валюта қорымен келісімі аясында қабылданған шара. Маусым айында қор Пәкістанға экономикасын тұрақтандыруға 3 млрд доллар бөлуге келісті. Осыдан кейін елдің Орталық банкі есептік мөлшерлемені 22%-ке дейін көтерді. Қарызға белшесінен батқан Пәкістанға дефолт қауіпі төніп тұр.