АҚШ-тағы көрмеде киізден жасалған тағамдар ұсынылды

Нью-Йорктегі арт-галереяда ерекше көрме өтті.

Көрермен назарына киізден жасалған тағамдар ұсынылды. Круассан мен тоқаштың 13 түрі әзірленген. Бұйымдардың түпнұсқаға ұқсайтыны сонша, көрген адамның тәбетін ашады. Әрбір зат қолдан тігілген. Шеберлер бұл арт-инсталляцияны жасауға 8 ай жұмсады. Бұған дейін олар киіз өнімдермен дәріхана, супермаркет пен спортзалдың ішін бейнелеген еді.