Индонезия астанасы Джакарта саммит өткізуге дайындалып жатыр

Индонезия астанасы Джакарта саммит өткізуге дайындалып жатыр

Индонезия астанасы Джакарта, Азия-Тынық мұхиты елдері қауымдастығының саммитін өткізуге дайындалып жатыр.

Ауқымды шара ертең басталады. Басқосуда аймақтың экономикалық дамуы, қауіпсіздік, климаттың өзегеруі, өңірдегі тұрақтылық сынды мәселелер қарастырылмақ. Әсіресе, Оңтүстік Қытай теңізіндегі, аумақтық араз-дықтар кеңінен талқылануы мүмкін. Өткен аптада Бейжің осы теңізге қатысты жаңа картасын жариялады. Бұл Филиппин, Малайзия, Вьетнамның наразылығын туғызды. Себебі, Қытай онда бұл елдердің теңіздегі экономикалық аймағы деп, қарастырып келген жерлерді, өз аумағы деп көрсеткен.