Венгрияда инфляция шарықтап барады

Венгрияда инфляцияның шарықтауы тоқтамай, тұрғындардың әл-ауқатына кері әсері күшейді.

Өткен шілде айында оның деңгейі 18 пайызға жуықтаған. Бұл ЕуроОдақтағы ең жоғарғы көрсеткіштің бірі. Оған энергияның қымбаттауы ықпал еткен. Билік бағаны тұрақтандыру үшін тіпті тамыз айында ұн, май, сүт секілді 20-ға жуық азық-түлік өніміне 15 пайыздық жеңілдік жасауды міндеттеген.