Әлемде сұйық сутегімен ұшатын ұшақ таныстырылды

Әлемде алғаш рет сұйық сутегімен ұшатын ұшақ таныстырылды.

Бірегей әуе көлігін неміс авиа-инженерлері жасап шығарған. Оның басты артықшылығы экологиялық тазалығында. Ол ауаға ешқандай зиянды қалдықтар шығармайды. Ал оған қолданылатын отынды, күн мен жел энергиясынан өндіруге болады. Ұшақ 1,5 мың шақырымға дейін ұша алады. Эйрбас компаниясы сутегімен ұшатын жолаушылар ұшағын, нарыққа 2035-ші жылы, шығаруды жоспарлап отыр.

Йозеф Калло, инженер:

- Бұл ұшақ сутегімен жай ғана ұшып қоймай алыс жерлерге де сапар шегуге болатынын көрсетеді. Оның үстіне сұйық сутегі тығыз келетіндіктен ауаға зиянды қалдықтар тарамайды. Бұл жетістік сутегі авиациясын дамытуға мүмкіндік мол екенін дәлелдейді.