Мароккодағы жер сілкінісінен опат болғандар арасында қазақстандықтар жоқ

Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

Қазір ол жақта қаза болғандар саны 1000-нан асты. 1200-ден аса адамның халі нашар, ауруханада жатыр. "Магнитудасы 7,2 балл деп бағаланған, табиғи апат эпицентрі - Жоғары Атлас тауында, 18 шақырым тереңдікте", дейді, елдің геологиялық қызметі. Марокконың бірнеше провинциялары қатты зиян шеккен. Al Jazeera, ЮНЕСКО-ның мұрасы ретінде танылған Марра-кеш қаласының тарихи бөлігі, ішінара жойылғанын хабарлады. Бұл - Марокко тарихындағы, соңғы 20 жылдағы ең ірі апат.