Ұлыбританияда күн шыжып тұр

Күз келсе де, ұлыбританияда күн шыжып тұр.

Елдің басым бөлігінде ауа температурасы 6 күн бойы 30 градустан түсер емес. Осындай жағдайға байланысты денсаулық сақтау мекемелері ескерту жариялап, тұрғындарды мейлінше сақ болуға шақырып жатыр. Өйткені бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Алдыңғы рекорд 2016 жылы орнаған еді. Сол күзде апшыны қуырған аптап 3 күнге созылған болатын.