Ливияда дауыл соңы тасқынға ұласты

Ливияда «Даниэль» дауылының соңы су тасқынына ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

3 адам опат болды. Бірнеше өңірде төтенше жағдай жарияланды. Мектептер мен дүкендердің көбі жұмыс істемейді. Мұнай өндіру орындары жабық тұр. Су басқан ғимаратта есеп жоқ. Тұрғындар үйлердің шатырына шығып алып, құтқарушыларды күтуге мәжбүр болған.