Бали аралына барған туристерге салық енгізіледі

Индонезияның Бали аралына келуші туристерге салық енгізіледі.

Келесі жылдың ақпан айынан бастап аралға келген саяхатшылар 10  доллар төлейді. Салықтан түскен қаржы мәдени және экологиялық мәселелерді шешуге және дамтыуға жұмсалады. Төлем электронды түрде жасалады. Жалпы Балиге былтыр 2 миллионнан астам турист келген екен.